Чемпиондар лигасы: «Лион» мен «Манчестер Юнайтед» ширек финалда

аурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Англияның «Манчестер Юнайтед» және Францияның «Лион» командалары футболдан Еуропа чемпиондары лигасының ширек финалына шықты. Кеше өткен 1/8-ші финалдың қарымта матчында «Манчестер Юнайтед» Италияның «Милан» командасын қабылдап, 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Чемпиондар лигасы: «Лион»  мен «Манчестер Юнайтед» ширек финалда

Сөйтіп қос ойынның қорытындысы бойынша (бірінші ойында сырт алаңда 3:2 есебімен ағылшындар жеңіске жеткен болатын) ағылшындардың мерейі үстем болып, ширек финалға шықты. Ал, «Лион» болса қарымта матчта сырт алаңда Испанияның «Реал» команасымен 1:1 есебімен тең түсіп, (Францияда өткен бірінші ойында 1:0 есебімен «Лион» жеңген болатын) ширек финалдың жолдамасына ие болды. Осылайша қазіргі уақытта төрт команда, атап айтқанда Англияның «Арсенал» және «Манчестер Юнайтед», Германияның «Бавария» және Францияның «Лион» командалары ширек финалға жолдама алды.

Алдағы аптада тағы сегіз команда арасында 1/8-ші финалдың қарымта матчтары өтеді. Бұл кезеңде Германияның «Штутгарт» және Испанияның «Барселона», Грекияның «Олимпиакос» және Францияның «Бордо», Ресейдің ЦСКА және Испанияның «Севилья», Италияның «Интер» және Англияның «Челси» клубтары өзара мықтыны анықтайды.