Чемпиондар лигасы: Жартылай финалда «Барселона» мен «Интер» және «Бавария» мен «Лион» кездеседі

АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Футболдан Еуропа чемпиондары лигасының жартылай финалында Испанияның «Барселона» және Италияның «Интер», Германияның «Бавария» және Францияның «Лион» клубтары кездеседі,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен маусымдағы Еуропаның ең мықты командасы - «Барселона» ширек финалда қос ойынның қорытындысы бойынша Англияның «Арсенал» клубын тас-алқан етіп жеңді, ал «Интер» болса Ресейдің ЦСКА командасынан басым түсті. «Бавария» бітіспес қарсыластары Англияның «Манчестер Юнайтед» клубын жолда қалдырса, «Лион» тағы бір франциялық команда «Бордодан» басым түсті.

Соңғы жаңалықтар