08:56, 07 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Черное ауылында кірпіш зауыты іске қосылды - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодар облысы Лебяжі ауданындағы Черное ауылында «СМП-Павлодар» ЖШС өз қаражатына кірпіш зауытын салды.

Құны екі миллион теңге болатын, заманауи қытайлық құрал-жабдықтармен жарақталған кәсіпорын жергілікті кен орнының сапалы сазын пайдаланады. Негізінен ауыл адамдарынан тұратын елу жұмысшы кірпіштердің алғашқы партиясын шығарды.