Черногория мен Косово дипломатиялық қатынастар орнатты
АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат - Черногория мен Косовоның сыртқы істер министрліктері хат алмасқаннан кейін дипломатиялық қатынастар орнатылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Елшілер алмасу күні әзірге айтылған жоқ. Сарапшылардың пікірінше, дипломаттармен алмасу Косовода черногориялық азшылықтардың мәртебесі туралы мәселе шешілмейінше кейінге қалдырылатын болады.