Черногория президенті Яков Милатович Қазақстанға ресми сапармен келеді

АСТАНА. KAZINFORM — 18-20 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Черногория Президенті Яков Милатович Қазақстанға ресми сапарлайды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент Черногории Яков Милатович
Фото: cordmagazine.com

— 19 маусымда тараптар жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық перспективасын талқылайды, — делінген хабарламада.

Бұған дейін Черногория Қазақстан азаматтары үшін уақытша визасыз режим енгізгенін жазғанбыз.