14:16, 27 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Чикагода полицейлер қателесіп бес баланың анасын атып тастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чикагода бес баланың анасы афроамерикалық Бетти Джонс абайсызда көршісі 19 жастағы афроамерикалық Куинтино Легирдің дөрекі мінезі үшін полицейлердің оғына ұшты, деп хабарлады құқық қорғау органдарының ресми өкілі.

Полицейлер жас жігітке оқ атқан. Кейін тәртіп сақшылары 57 жастағы әйелге кездейсоқ оқ тиіп кеткенін мойындады, деп хабарлады WGN арнасы. Жарақаттан әйел ауруханада көз жұмды. Легирге де оқ тиді. Полицейлер қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.