Чикагоға 500 ұлттық гвардия сарбазы жіберілді

АСТАНА. KAZINFORM – Иллинойс штатының губернаторының қарсылығына қарамастан, 500 ұлттық гвардия әскери қызметшісі Чикаго маңына келді, деп хабарлайды NBC News.

Чикагоға 500 ұлттық гвардия сарбазы жіберілді
Фото: vreme.com

Әскер Техас пен Иллинойс штаттарының бөлімшелерінен тұрады. Олар 60 күнге жұмылдырылып, Чикаго қаласынан шамамен бір сағаттық жерде орналасқан армия резерві базасына орналастырылған.

Мәлімдемеде айтылғандай, Техастың ұлттық гвардиясының бірнеше бөлімшесінен шамамен 200 әскери және Иллинойстың ұлттық гвардиясынан 300 әскери қызметші жауынгерлік дайындыққа келген. Иллинойс губернаторы бұл әскерді орналастыруды Конституцияға қайшы әрекет деп айыптады.

— Бұл күштер АҚШ-тың иммиграциялық және кедендік қызметі мен басқа да федералдық мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ федералдық заңнаманың орындалуын қадағалайтын және федералдық меншікті қорғайтын қызметкерлерді қорғау мақсатында жұмылдырылады, — делінген АҚШ Солтүстік қолбасшылығының мәлімдемесінде.

Бұған дейін сот Дональд Трампқа Портленд қаласына әскер енгізуге тыйым салған болатын. Алайда Ақ үй Калифорния ұлттық гвардиясының бөлімшелерін Орегон штатына жіберу туралы шешім қабылданғанын растады.

Соңғы жаңалықтар