00:15, 25 Маусым 2016 | GMT +5
Чили бақташылары роботқа сиыр саудырды ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат- Чилидегі Fundo El Risquillo фермасы шведтің DeLaval компаниясы жасаған роботтық жүйені сиыр саууға қосты, деп жазады Fortune. Қазір фермада 6 500 сиыр бар.

Фермаға арнап жасалған 64 роботтың қазір 16-ы орнатылған. Fundo El Risquillo фермасының хабарлауынша, бұл жүйе сүт өнімділігін 10%-ға артырып, жұмыс күшінің шығынын азайтқан.
Робот сауатын сиыр стреске аз шалдығады, дейді бақташылар. Осылайша, роботтар жануар үшіне жайлы болып шыққан.