Чилиде президенттік және парламенттік сайлау өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Чилиде президенттік және парламенттік сайлау өтеді. Қазіргі мемлекет басшысы Габриэль Борич конституцияға сәйкес қатарынан екінші мерзімге кандидат бола алмайды, деп хабарлайды ТАСС.

Чилиде президенттік және парламенттік сайлау өтеді
Фото: Рixabay

Жоғарғы мемлекеттік қызметке сегіз кандидат үміткер. Қоғамдық пікір сауалнамаларының нәтижесіне сәйкес, негізгі бәсеке бес саясаткер арасында өрбиді: Жанетт Хара – биліктегі солшыл-орталық коалиция – «Чили үшін бірлік» өкілі, Хосе Антонио Касто – консервативті Республикалық партиядан, Эвелина Маттеи – «Чили, алға!» оңшыл-орталық коалиция атынан, Йоханнес Кайзер – Ұлттық-либералдық партиядан, ал Франко Париси – оңшыл-орталық «Адамдар партиясы» атынан бақ сынамақ.

Президенттен бөлек, чилиліктер ел парламентінің 23 сенаторы мен 155 депутатын да сайлайды.

Айта кетейік, Ирактағы парламент сайлауына қатысушылар 55 пайыздан асқанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар