Чилиде тағы жер сілкінді

АСТАНА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат - Чилиде Рихтер бағамы бойынша 6,3 балдық күшпен тағы да жер сілкінді.

Чилиде тағы    жер   сілкінді

АҚШ-тың Ұлттық геологиялық қызметінің ақпараттары бойынша, зілзаланың кіндігі елдің солтүстігіндегі Калама қаласынан 65 шақырымдай жерде орын алған. Жер сілкінісінің ошағы 105,1 метр тереңдікте болған. Құрбан болғандар мен қираулар туралы әзірге мәлімет жоқ, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Естеріңізге сала кетейік, ақпанның 27-сі күні Чилиде күші 8,8 балдық жер сілкінісі орын алған еді. Ол апат ең аз дегенде 279 адамның өмірін қиып кетті.

Чили Президенті Мишель Бачалет апаттың салдарын қалпына келтіру үшін 3-4 жыл уақыт және миллиондаған халықаралық несие керек екенін мәлім етті.