Чилиде жер сілкінді

АСТАНА. Наурыздың 29-ы. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Чилиде күші 5.9 балдық кезекті жер сілкінісі болды,

Чилиде  жер  сілкінді

деп хабарлайды АҚШ-тың Геологиялық қызметі.

Жер сілкінісі әмбебап үйлестірілген уақыт бойынша сағат 21:38-де (мәскеу уақыты бойынша 00.38-де) орын алды. Сейсмологтардың мәліметтері бойынша, зілзала кіндігі Чилидің Талька қаласының батысына қарай 120 шақырымдай жерде болған. Оның ошағы 21 шақырымдай тереңдікте орын алған. Құрбандар мен қираулар туралы, сондай-ақ цунами қаупі туралы ешқандай хабар жоқ.

Чилиді 8,8 балдық жер сілкінісі болған күннен бері, яғни ақпанның 27-сінен «сілкіп» жатқанын айта кетк керек. Сол жолы жер сілкінісінен кейін цунами де болған еді. Соңғы ресми мәліметтер бойынша, қуатты зілзала мен цунамидің салдарынан 497 адам опат болған. Сол аралықтан бергі кезеңде сейсмологтар 60-тан астам кішігірім жерасты дүмпулерін тіркеп отыр. Олардың ішіндегі ең қуаттысы - 7,2 балдық жер сілкінісі наурыздың 11-інде болып, Ранкагуа қаласына үлкен зардап әкелді.