Чилиде жер сілкінісінен кейін цунами қаупі туралы ескерту жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM — Чили ұлттық табиғи апаттарды басқару агенттігі Дрейк өткелінде болған жер сілкінісінен кейін елдің оңтүстігінде цунами қаупі бар екенін ескертті. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды.

Төтенше жағдайларды жою жөніндегі ұлттық органның хабарлауынша, ескерту қауіп сейілгенше күшінде болады.
— Қызмет Магалланс аймағындағы Кабо-де-Хорнос муниципалитетіне қызыл цунами туралы ескерту жариялады. Ескерту бүгін күшіне енеді және талап қажет болғанша күшінде қалады, — делінген хабарламада.
Чили Әскери-теңіз күштерінің гидрографиялық және океанографиялық қызметі де елдің Антарктикадағы базаларына ескерту жасады. Ол онда орналасқан қызметкерлерге жағалауға жақындамауға кеңес берді.
Сондай-ақ кеше Филиппинде де цунами қаупі туралы ескерту жарияланды.