Чилидегі жер сілкінісі жердің кіндігін жылжытып жіберді
Бұл туралы NASA реактивтік қозғалыс зертханасының хабарында айтылған, деп хабарлады РБК агенттігі.
Әңгіме Жердің айналу кіндігі туралы болып отырған жоқ, ғаламшардың тепе-теңдік массасының кіндігі жөнінде болып отыр.
Оның орнынан жылжып кетуі шамамен 3 дюймді, яғни 8 сантиметрді құрайды. Жер қыртысының жылжуы жер тәулігінің ұзақтығын 1,26 микросекундқа азайтты.
Бұдан басқа мамандар Чилидегі зілзаладан Жердің кіндігінің жылжуы 2004 жылғы Суматрадағы жер сілкінісінен күшті болғанын айтады, онда жердің кіндігі нормадағыдан 7 сантиметрге ауытқыған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, ақпанның 27-сінде Чили жағалауындағы мұхитта күші Рихтер бағанымен 8,8 балл жер сілкінісі болған еді. Алғашқы зілзаладан кейін сол жерде тербелісі 5,4-тен 6,9 баллға дейін бірнеше жер дүмпуі қайталанды.