Цифрлық майнингке салық жүктемесі күшейеді – министр

None
Фото: coipacapital.com
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Цифрлық майнингке салық жүктемесі күшейеді. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Салық кодексіне өзгерістер енгізу жөніндегі құжатты қарау кезінде Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Келесі ұсынылып отырған өзгеріс – цифрлық майнингке салық салуды күшейту. Биылдың басынан бастап тұтынылған электр энергиясының 1 кВт-сағатына 1 теңге мөлшерінде цифрлық майнинг үшін төлем енгізілді. Электр энергиясының құны бойынша жүктемені теңестіру, сондай-ақ отандық электр энергиясына қатысты сараланған мөлшерлемелер ұсынылады. Электр энергиясының құны неғұрлым төмен болса, төлем мөлшерлемесі соғұрлым жоғары болады. Бұл ретте, қайта қалпына келетін көздерден өзі өндірген электр энергиясы үшін қолданыстағы деңгейде төмендетілген мөлшерлемелер қарастырылған», - Әлібек Қуантыров.

Бұдан бұрын аталған заң жобасын бірінші оқылымда талқалау кезінде елімізде пайдалы қазбаларды өндіру салығының көлемі артатыны айтылды.


Соңғы жаңалықтар