Циклон мен атмосфералық ауа ағымдары Қазақстанның басым бөлігіне қар, боран, қатты жел алып келеді

Қазақстанның шығысы бұрынғысынша антициклонның әсерінде болғандықтан, ол өңірде қар жаумайды, бірақ күшті аяз сақталады, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі «Қазгидромет» орталығына сілтеме жасап.
Дегенмен, күндіз Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аудандарында желдің екпіні 15-20 метр/секундқа дейін күшейеді деп күтілуде.
Ал Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, екпіні 15-20 метр/секундқа жететін жел тұрады.
Алматы облысының кей аудандарына да тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында күші 18-23 метр/секундқа жететін жел сақталады, кей жерлерде оның екпіні 28 метр/секундқа дейін жетуі ықтимал.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, күндіз Ақтөбе, Қарағанды облыстарында боран болады, 15-20 метр/секунд жылдамдыққа дейін жел күшейеді.
Павлодар, Қызылорда облыстарының, түнде Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлеріне тұман тұседі, Маңғыстау облысында - көктайғақ, Қызылорда облысында боран болады, желдің екпіні 15-20 метр/секундқа дейін жетеді.