CҚО-дағы жол апатынан екі полицей көз жұмды
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тапты.
 
                                              СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Чистополье-Шөптікөл» автожолында Chevrolet Cobalt және Toyota Camry автокөліктері соқтығысып қалған. Екі жүргізуші де сол жерде мерт болды. Осы фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
– Екі марқұм да ішкі істер органдарының қызметкерлері және олар қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза тапты. Полиция департаменті олардың туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады, - делінген баспасөз хабарламасында.
Бұған дейін Қырғызстанда жол апатынан зардап шеккен қазақстандық елге жеткізілгенін жазған едік.