16:32, 07 Мамыр 2012 | GMT +5
CҚО-ның агроқұрылымдары дәнді дақылдармен және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарымен толық жабдықталған
ПЕТРОПАВЛ. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Жақсы өнім алуда сапалы тұқымның маңызы зор. Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өндірушілері алдағы егістік науқанында дәнді дақылдармен және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарымен толық жабдықталған.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтерінше, қазіргі кезде бар 546 мың тонна тұқым тексеріліп, егуге жарамды деп танылды, 94 пайызы І және ІІ класқа жатқызылған.
Тұқым алмастыру және тұқымды жаңарту үшін облыста 2011 жылы 30 мың тонна элиталы тұқым әзірленген, соның ішінде 24 мың тоннасы - сатуға шығарылады. Тұқым өсіру шаруашылықтары сату үшін 1-3 репродукция тұқымдарының 40 мыңнан астам тоннасы қамбаға құйған.
Облыс аумағында дәнді және майлы дақылдар тұқымдарының элитасын алты элиталы-тұқым өсіру шаруашылықтары және 30-дай тұқым өсіру шаруашылықтары, 1-3 репродукция тұқымдарын өндірушілер ұсынады.