CTS және Қытай мамандары Астанада LRT жобасын іске асыруға кірісті

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада жеңіл рельсті көлік жүйесі іске қосуға халықаралық мамандар тартылды, деп хабарлайды City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі.

Астанада LRT- ның екінші құрамы қойылды
Фото: Астана әкімдігі

City Transportation Systems (CTS) компаниясында Қытайдың мемлекеттік Tianjin Rail Transit Co., Ltd. (TRT) компаниясымен бірлесе отырып жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесін іске қосуға жауапты департамент жұмыс істейді. TRT — Қытайдағы қалалық рельсті көлік жүйесінің жетекші операторларының бірі.

Жоба аясында Астанаға TRT компаниясынан 16 жоғары білікті маманнан тұратын команда келді. Олар 12 CTS маманымен тұрақты негізде бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

Қытайлық мамандармен бірлесе отырып LRT жүйесін іске қосуға дайындық басталды
Фото: CTS

 

Департаменттің негізгі міндеттері:

  • нормативтік және техникалық құжаттаманы әзірлеу;
  • қазақстандық қызмет көрсетуші мамандарды іріктеу және оқыту;
  • LRT жүйесінің сынақ режимінде іске қосылуын қамтамасыз ету;
  • жүйе пайдалануға берілгеннен кейінгі кезеңде оны сүйемелдеу.

— LRT жобасы — Астананың көлік инфрақұрылымын дамытудың маңызды кезеңі. Бұл жоба қалалық мобильділікті жетілдіруге бағытталған озық шешімдерді енгізудің негізі болмақ. Халықаралық серіктестердің қатысуымен құрылған пайдалануға беру департаменті жүйенің тезірек іске қосылуына ғана емес, сонымен қатар оның болашақта тұрақты әрі қауіпсіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, — деді CTS компаниясының LRT іске қосу департаментінің директоры Николай Антипов.

Бұдан бұрын LRT пойыздарының машинистеріне қосымша іріктеу жарияланды.

Соңғы жаңалықтар