Д. Ділманов ҰҚК Төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры қызметіне тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімімен Дархан Айтқалиұлы Ділманов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры қызметіне тағайындалды,
деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Ол Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры міндетін уақытша атқарудан босатылды.