Д.Қадырбаев Америка абақтысынан мерзімінен бұрын босап шығуы ықтимал

АСТАНА. ҚазАқпарат - Диас Қадырбаев Америка абақтысынан мерзімінен бұрын босап шығуы ықтимал. Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдеріне ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
None
None

«Екінші маусым күні Қазақстан азаматы Диас Қыдырбаевқа қатысты Америка соты өз шешімін қабылдады. Бұл соттың шешімімен Қазақстан азаматы алты жылға бас бостандығынан айырылды. Алты жыл дегеніміз - 72 ай. 72 айдың 26 айын ол абақтыда өткізді»,- деді ресми өкіл.

А.Әбибуллаевтың атап өтуінше, Қазақстан азаматы қалған уақыт ішінде абақтыда тәртібімен, өнегелі іс-қимылымен көзге түсетін болса, Америка заңына сәйкес жыл сайын абақтыда болу мерзімін 15 пайызға азайта алады.

«Біздің пайымдауымызша, Қазақстан азаматы Диас Қадырбаев 2021 жылға дейін емес, одан ертерек бостандыққа шығып, елге оралуы ықтимал», - деді А.Әбибуллаев.

Соңғы жаңалықтар