Д.Қонаевтың 100 жылдығына орай Оралда шаралар өткізіле бастады

Атаулы күнге орай қазірдің өзінде жер-жерде түрлі шаралар өткізілуде. Соның бірі Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде болды.
Басқосуда Д.Қонаев атындағы қоғамдық қордың облыстық бөлімшесінің төрағасы Нұрлан Ізтілеуов аяулы тұлғаның ел және ұлт тағдырындағы өзіндік орнына, сіңірген еңбегіне тоқталды. Жиналғандар «Ұлыдан ұлағат» атты деректі фильм мен «Таутұлға» әні орындалған бейнебаянды тамашалады.
Соғыс және еңбек ардагері Бисен Жұмағалиев осы басқосу өтіп отырған БҚАТУ-дың да құрылуына Димаш ағаның мұрындық болғанын әңгімелеп берді. 1963 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институты болып ашылған жоғары оқу орнына сол кезде өлкенің орталығы - Ақтөбе қаласы таласқа түсіпті. Алайда оралдықтардың негізді және орынды уәжіне құлақ салған Д.Қонаев аталған институттың Оралда ашылуына ықпал еткен. Сөйтіп, ұлы тұлға тұсауын кескен БҚАТУ бүгінде танымал университетке айналды.