Д.Медведев ТМД елдері арнайы қызметтерінің өкілдерімен кездесті

АСТАНА.  Қыркүйектің   4-і.  ҚазАқпарат - Қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  жөніндегі міндеттерді   халықаралық деңгейде  тек  бірлескен күш-жігермен  ғана шешуге  болады.  Бұл туралы бүгін  Ресей  Федерациясының  Президенті  Дмитрий Медведев    ТМД елдерінің  Қауіпсіздік    органдары мен  барлау  қызметтері басшылары  кеңесіне  қатысушылармен болған  кездесуде мәлім етті, 
None
None

деп хабарлайды РАТА-ТАСС агенттігі.

«Барлық  қауіпсіздік органдары мен  барлау  қызметтері    ұлттық мүдде  үшін    қызмет етеді  және солай болуы тиіс», деп  атап көрсетті  Ресей    басшысы  өз сөзінде.  «Дегенмен     тарихи    тәжірибені  және   Достастық кеңістігіндегі  ықпалдастық   үдерістерді,  сондай-ақ   біздің  бүгінде    жаһандық  әлемде тұрып жатқанымызды  да ескерсек,   біз     қолға алған  кез-келген  міндет  тек  ұлттық  тетіктермен  шешіле  қоймайды.  Мен    қауіпсіздікті   қамтамасыз  етумен  байланысты міндеттерді айтып отырмын»,  - деп  түсіндірді   Ресей Президенті.

«Қайсысын  алсақ та:   лаңкестік те,  ұйымдасқан қылмыс та,  экстремизм  де -   ұлттық қасиеті  жоқ    үдерістер»,  деді Д.Медведев.   «50 жыл бұрын   олармен  әрбір жеке елде   табысты күресуге  болатын  және  оған     қарым-қатынастар  болды,   ал бүгіндегі       абсолюттік   жаһандық  кеңістіктегі жағдайымыз   сондай   байланыстардың,  қарым-қатынастардың   пайдалылығын     тағы бір  айғақтайды»,  деп атап көрсетті  РФ Президенті.  «Сондықтан да  Мәскеуде     осындай форумдардың  өткізілуін  мен  жан-жақты  қолдаймын»,   деп атап көрсетті ол. 

Соңғы жаңалықтар