Дағдарыс кезінде ұрлық-қарлық, қарақшылық сияқты әрекеттер артуы мүмкін ? Б.Мұхамеджанов

АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Елімізде жасалатын ұрлықтар саны 2,4 пайызға, ал тонау әрекеттері 2,8 пайызға өсіп кеткен. Республиканың Қостанай, Жамбыл, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола сияқты облыстарында қарақшылық шабуылдар артып отыр.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен алқа мәжілісінде Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, баукеспелер уақыт өткен сайын, әккі болып барады. Олар енді бұрынғыдай емес, көптеген адамдардан құрылған топ болып, ұйымдасқан түрде қимылдауда. «Қылмыскерлер көбіне тұрғын үйлер мен ақша алмастыру орындары, сауда нысандары мен жанар-жағармай стансалары сияқты ақша айналымы неғұрлым мол нысандарға шабуылдауда. Ең өкініштісі, бұл қылмыстар дағдарыс кезінде үдей түсуі мүмкін», дейді министр. Оның сөзіне қарағанда, жағдайдың осылайша бағыт алуына байланысты тәртіп сақшылары қазір ішкі істер саласының есебінде тұрған азаматтармен жұмысты жетілдіріп, жедел-агентуралық қызметті дамытпақ. Сондай-ақ олар көшедегі қылмыспен күреске күш салып отыр. «Биыл біз жұмыс тәжірибемізге біршама өзгерістер енгізіп, бұрынғыдай үлкен мәжілістер өткізуден бас тартып отырмыз. Бұл мәселе бойынша кеше ғана аймақтық департамент басшыларымен ақылдасып, әр облыста қалыптасқан жағдайды талқылап, алдыға нақты міндеттер қойдық», деді Б.Мұхамеджанов.
Соңғы жаңалықтар