Дағдарыс салдарынан Panasonic өзінің 27 зауытын жабады

ТОКИО. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат – Дағдарыс әсерінен нарықтағы өзгерістер тұрмыстық техника мен электроника шығаратын ірі өндірушілердің бірі Panasonic-ті 27 зауытын жауып, 2010 жылғы наурызға дейін 15 мың жұмысшысын қысқартуға мәжбүрлеп отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Сатылым көлемінің күрт төмендеуінен 2008-2009 қаржы жылының 9 айында Panasonic-тің таза табысы үш есе қысқарып, 65,38 млрд. иенді (731 млн. доллар) құрады, бұдан бір жыл бұрын осы кезеңде оның табысы 220,3 млрд. иен (2,46 млрд. доллар) болған еді. Бүгін жарияланған компания есебінде осындай мәліметтер келтірілген. Компанияның операциялық табысы көрсетілген кезеңде 254,5 млрд. иенге (2,85 млрд. доллар) төмендеді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен үштің біріндей кем.Компания ағымдағы жылға өз болжамына төмендету жағына қарай түзету енгізді. Енді 2008-2009 қаржылық жылында (2009 жылғы наурыздың 31-інде аяқталады) таза шығындар 380 млрд. иен (4,25 млрд. доллар) болады деп күтілуде. Естеріңізге салайық, 2007-2008 қаржы жылында компанияның таза табысы 282 млрд. иенді (3,15 млрд. доллар) құраған болатын.
Соңғы жаңалықтар