Дағдарыс жағдайында қаржыны ысырапсыз жұмсаудың маңызы зор ? маман пікірі

ОРАЛ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Дағдарыс жағдайында қаржыны ысырапсыз жұмсаудың маңызы зор.Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің меңгерушісі Біржан Қуанәлиев мәлім етті.
None
None
«Елбасы айтқандай, «Қаржы тәртібін бұзушыларға дағдарыс уақытының заңы бойынша қатал сұраныс қойылуы тиіс». Сонда ғана дағдарыс ауыртпалығын еңсеріп, экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ете аламыз», деді ол. Теңге құнсызданып, алғашқыда жұртшылық аздап абыржығанымен, қазір бәрі қалпына келуде. Ауданда жұмыс орындары кеми қойған жоқ. Қайта жаңа жұмыс орындарын ашуға деген құлшыныс байқалады. Аудан бойынша қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету, қайта оқыту, үрдістерді тұрақтандыру бойынша меморандумдар әзірленуде. Олардың орындалуы да бақылауға алынбақшы. Тұрмысы төмен және аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау басты мәселе екендігі үш жылдық жергілікті бюджетте ескерілген. Сондай-ақ халық тұтынатын азық-түлік бағасын жөнсіз көтермеу, алыпсатарлыққа жол бермеу мақсатында тиісті шаралар алынуда.
Соңғы жаңалықтар