Дағдарысқа дейін кейбір құбылыстар бізге түсініксіз болып көрінген - К. Мәсімов

А. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Шыны керек, дағдарысқа дейін кейбір құбылыстар бізге түсініксіз болып көрінген.  Бүгін Астанада өткен «Эксперт - 100 - Қазақстан» атты экономикалық форумы барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл құбылыстар бізге түсініксіз жайттар болып көрінді. Қазір болса олардан аттауға болмайды. Біріншіден, бұл - жеке меншік. Мемлекеттің басты міндеті осы жеке мекшікті қорғау болуы керек. Екіншіден, акционерлік капиталдың ашықтығын сақтау. Бізге, әсіресе, қаржы дағдарысы кезінде осы мәселеге баса назар аудару қажет. Үшінші бағыт, ол - корпоративті басқару. Осыған дейін біз бұл бағытқа да дұрыс көңіл бөлмедік. Осының салдарынан  қазір «меншік иесі, директорлар кеңесі және менеджмент қай жұмысқа жауап береді?» деген сауал туындап отыр. Оны білмегендіктен басқару саласында бұрыс шешімдер қабылдануда. Сондай-ақ қауіп-қатерлерді басқару жүйесін дамыту - бүгінгі күннің төртінші міндеті болуы шарт. Үкіметтен бастап бизнес компанияларына дейін бұл жүйе дұрыс жолға қойылуы тиіс», деді Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар