Дағдарысқа қарсы бағдарламаны орындау 2009 жылдың басты міндеті болмақ ? Үкімет басшысы

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - 2009 жылдың басты міндеті - Дағдарысқа қарсы бағдарламаны орындау.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өтіп жатқан селекторлық кеңесте Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Үкімет басшысының атап көрсеткеніндей, аталған бағдарламаға орай 2009 жылда жұмыспен қамту мәселесін басты назарда ұстау көзделген. «Биылғы жылдың басты мақсаты ? жұмыссыздық мәселесін бақылауда ұстау», деді Премьер-Министр. Оның айтуынша, осы айда өтетін 2008 жылдың қорытындысына арналған Үкімет отырысында әкімдердің есебі тыңдалмақ. Олар республика өңірлерінде дағдарысқа қарсы қолға алынған іс-шаралар бойынша есеп береді.
Соңғы жаңалықтар