Дағдарыспен күресу тек биліктің ғана міндеті емес, бұл - қоғамдық күрес болып табылады - Т. Бердіоңғаров
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Іс-шараның негізгі мақсаты - экономикалық сұрақтар жөнінде интерактивті ақпарат алмасып, Қазақстанның келешектегі кіші және орта бизнесін дамытудағы жастардың қосатын үлесін айқындау.
Шара барысында жастар дағдарыстың туындауының алғышарттарын, себептерін тауып, сонымен қатар экономикалық мәселесін шешу нұсқаларын ұсынуға тырысты.
«Өтіп отырған бұл шара өте өзекті, өйткені дағдарыс пен күресу тек биліктің ғана міндеті емес, бұл - қоғамдық күрес болып табылады. Студент жастардың дағдарыспен күресуде өз үлестерін қосқысы келетіндігі өте маңызды» дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тәңірберген Бердіоңғаров.
Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Даурен Мұхамеджановтың айтуынша, елдегі экономикалық жүйедегі дағдарыс жағдайы жастар назарынан тыс қалмауда. «Соңғы жылдары жастар қоғамда азаматтық істерін қалыптастыруда өздерінің белсенділіктерімен көрінуде. Оларды әлемде және елде болып жатқан үдерістер қызықтырады, олар саясаттан бастап, әлеуметтік мәселелерге, өмірлік қызмет саласында туындап жатқан барлық мәселелерді түсініп, өз жауаптарын беруде», дейді Д. Мұхамеджанов.
Жиынға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан әлеуметтік зерттеулер институты, Алматы қаласы жастар саясаты жөніндегі басқармасы, ішкі саясат басқармасы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының өкілдері қатысты.