Дағдарыстан еліміз бұдан да күшейіп шығуы тиіс ? Жолдауды талқылау

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында Елбасының Қазақстан халқына кезекті Жолдауын талқылау белсенді өтуде – шараларға аймақ халқының барлық жіктері қатысуда.
None
None
Жаңа тарихи құжаттағы негізгі идеялары жөнінде ҚазАқпарат тілшісімен Жамбыл облыстық «Чернобыль одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Руслан Саржанов өз ойларымен бөлісті.«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел халқына кезекті Жолдауы ? қай кездегідей мол қамтыған және көпқырлы құжат, онда қызметтің нақты бағыттары мен жіті стратегиясы көрініс тапқан. Биылғы Жолдау республика үшін қиын кезеңде жасалып отыр. Әлемдік дағдарыс жағдайында дамыған елдердің өздері жапа шегіп отырған кезде Қазақстанда тұрақтылық пен ұлттық келісімді сақтауға бар күш пен резервтер жұмылдырылуда. Соңғы айларда экономикаға, ауыл шаруашылығын дамытуға, бизнеске дағдарыс соққысын жұмсарту үшін дағдарысқа қарсы бағдарлама ауқымында көп жұмыстар істелді. Бұл туралы Елбасы Жолдауының бастапқы тарауларында айтқан. Ол соның ішінде Үкіметтің елдің екі ірі банкінің капиталына кіруін және банктерге қосымша өтімділік ұсынуды, азаматтардың салымдары бойынша кепілдіктерді бес миллион теңгеге дейін ұлғайтуды, тұрғын үй құрылысына және үлескерлерге көмек көрсетуді Үкіметтің дер кезінде қолға алған шаралары ретінде атайды. Шағын және орта бизнеске де елеулі қолдау жасалды ? салықтық жеңілдіктер берілді, қосымша құн салығы ставкасы төмендеді және басқа да шаралар қолға алынды. Әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін көп нәрсе жасалды. Халық осының бәрін көріп, өзі сезініп отыр, сондықтан да Президентке сенеді. Өйткені ол қашанда шындықты айтады.«Өкінішке қарай, қиын сынақтар мен дағдарыс қысымының салмағы әлсіремей тұр. Мұны сіздер де білуге тиіссіздер. Бірақ та мынаған сенімді болуға тиіссіздер, біз бұл сынақтарға дайын ғана емеспіз. Біз оларды еңсереміз және осы дағдарыстан әлдеқайда күшті және өркенді мемлекет болып шығамыз. Біз әлемдік қауымдастықтағы өз ұстанымымызды сақтаймыз», дейді Президент өзінің ел халқына Жолдауында.
Соңғы жаңалықтар