Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Дағдарысты еңсеруде Қазақстан ұстанған саясат өз жемісін беріп отыр

ОРАЛ. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Дағдарысты еңсеруде Қазақстан ұстанған саясат қазірдің өзінде өз жемісін беріп отыр.

Дағдарысты еңсеруде Қазақстан ұстанған саясат өз жемісін беріп отыр

Бұл туралы БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы үйлестіру кеңесінің қазанның 1-і күні өткен отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында ассамблея мүшелері мен ұлттық-мәдени және діни бірлестіктердің жетекшілері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дағдарысқа қарсы бағдарламасы орындалып отырғанын атап өтті. «Жол картасы» бағдарламасы аясында қолға алынған жобалар да жүзеге асырылуда.

Қазан айының соңында өтетін Қазақстан халқы ХV ассамблеясына дайындық  іс-жоспары пысықталып, мақұлданды. Кеңес отырысында ассамблея мүшелерінің Бөрлі ауданының орталығы Ақсай қаласында ұлы ақын Абай Құнанбаевтың ескерткішін орнату жөніндегі бастамасы да қолдау тапты.