Дағдарыстық құбылыстарға қарамастан, елдің ең ірі қаласы дами түсуде - Алматыдағы кеңестің қорытындысы

АТЫ. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат /Данияр Сиқымбаев/ - Бүгінде Алматы әкімдігі екі өзекті бағдарламаны жүзеге асыруда. Бұлар - қаланы әлеуметтік-экономикалық дамытуды тұрақтандыру жоспары (Дағдарысқа қарсы бағдарлама), оған 103 млрд. теңге қарастырылып отыр және Жұмыспен қамту стратегиясы («Жол картасы») - оған 24,5 млрд. теңге көзделген. Бұл туралы бүгін Алматыны дамытудың жартыжылдықтағы қорытындысына арналған кеңесте қала әкімі Ахметжан Есімов айтты,

Дағдарыстық құбылыстарға қарамастан, елдің ең ірі қаласы дами түсуде - Алматыдағы кеңестің қорытындысы

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұтастай алғанда, өткен жылмен салыстырғанда Алматының нақты бюджеті 8 млрд. теңгеге өсті және 223 млрд. теңгені құрады. Қалалық Дағдарысқа қарсы бағдарламаның нәтижесінде 13 мың адам жұмыспен қамтылды, «Жол картасы» бойынша қосымша 20 мың жұмыс орны ашылды, Азиада нысандарының, метроның, Шығыс айналма жолдың құрылыстары жалғастырылды, екі жол айрығының құрылысы аяқталды және энергетика, әлеуметтік сала және қаланы абаттандыру жұмыстарының кешенді дамуы қамтамасыз етілді.

«Ағымдағы жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға 14 млрд. теңге бағытталуда. Бұл мәселеге елеулі көңіл бөлінуде.  Осы салада 40 мыңға жуық адам жұмыс жасайды, бұл жұмыспен қамтылған халықтың 10 пайызын құрайдфы. Бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша, дағдарысқа қарсы шаралар ауқымында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға 5,9 млрд. теңге инвестиция салынды. 8935 жаңа жұмыс орны ашылды, бұл қала бойынша құрылған жұмыс орындарының жалпы санының 27  пайызын құрайды.Коммуналдық қызметтер ұсыну саласындағы тариф саясатын оңтайландыру жұмыстары жалғастырылуда», - деді қала әкімі.

Алматы әкімдігі «Самұрық-Қазына» қорымен бірнеше бағыттарда белсене жұмыс атқаруда. Атап айтқанда, 3958 үлескерлері бар бірнеше кешендердің құрылысы қаржыландырылуда. Сондай-ақ 26,9 млрд. теңгеге ипотекалық несиелер қайта қаржыландырылды. Бұл 3,5  мыңнан астам заемшының несиелер бойынша пайыздарын төмендетуге мүмкіндік берді. Шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы белсенді жүргізілуде. Үш транш бойынша жалпы сомасы 68,2  млрд. теңгенің мыңнан астам жобасы қаржыландырылды.

Үшінші транш ауқымында Алматы бойынша 33,1 млрд.теңге игерліді, бұл ел бойынша бөлінген барлық қаржының 31 пайызы. Қазкоммерцбанктің кепілдігімен Қазақстан даму банкі арқылы «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортын дамыту жобасын одан әрі қаржыландыруға 15 млрд. теңге несие желісі ашылды, ал бұл - қысқы Азиада-2011 нысандарының бірі екені мәлім.

«Әсіресе, тауарлар мен қызметтердегі қазақстандық үлесті арттыру жөніндегі жұмысты атап өткім келеді. Қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары мен «Самұрық-Қазына» қоры жалпы көлемі 222,5 млрд. теңгеге шарттарға қол қойды. Оның ішінде 30,2 млрд. теңгеге жасалған шарттар нақты жүзеге асырылуда. Жүргізілген шаралар өнеркәсіп кәсіпорындарының өндіріс көлемін ұлғайтуына мүмкіндік берді, мысалға алатын болсақ, металл құрастырмалар шығару - 77,6 пайызға, резервуарлар мен цистерналар шығару - 32,4 пайызға ұлғайды», - деді қала басшысы.

Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдіктері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, Алматының азық-түлік белдеуін дамыту жұмыстарын жүргізуде. «ҚазАгро» холдингі арқылы бірқатар жобаларды іске асыру басталды. Барлығы 8,3 млрд. теңгеге алты жоба жүзеге асырылуда.   Қаланы дамытуға қосымша инвестициялар тарту жөнінде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Еуропалық қайта құру және даму банкінің 10 млн. доллар мөлшеріндегі заемын тарту арқылы Алматының электр көлігін дамыту жобасын іске асыру басталды.

Сонымен қатар, қала бюджетін толтыықтырудың әлеуетті резервтерінің бірі - жерді пайдалану болмақ. Алматы әкімінің пікірінше, бүгінде  жер ресурстарын басқару жаңаша жұмыс істеуді талап етеді. Бүгінде көптеген жер телімдері сатылғанмен, олар өз мақсатына пайдаланылмайды.  Соның нәтижесінде жер салығы түсімдері болжамы орындалмайды. Жылдық жоспарда көзделген 4 млрд. теңгенің орнына жартыжылдықта небәрі 621 млн. теңге түскен.

Әкім өзінің орынбасары Виктор Долженковқа жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы  басқармаларымен, салық департаментімен бірлесе отырып, жерді пайдалану жайына толық түгендеу жүргізіп, оны тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстарын енгізуді тапсырды.

2010 жылдан бастап әкімдік үшжылдық бюджет жүйесіне көшеді. Елбасы мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі туралы тиісті Жарлыққа қол қойды. Оның негізі - бюджеттік шығындардың түпкі нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ету болмақ.  Алайда, А.Есімовтің пікірінше, бюджеттік тәртіпті сақтауда да ақсап тұрған шаруалар жеткілікті.  Өтінім беру мерзімдері сақталмайды. Әкімшілер кейде жағдайды бағамдай алмайды. Олар көбіне өзі басқаратын бағыттардағы басымдықтарды тап басып айта алмайды. Тиісті салалық министрліктермен республикалық бюджеттен қаржыландыруға бөлінген жобаларды келісу жұмыстарын сылбыр жүргізеді.

Кеңесті қортыныдылай отырып, қала басшысы Мемлекет басшысының «күрделі жағдайларға қарамастан біз экономиканы сақтап қалдық, макроэкономикалық көрсеткіштерді басқару режімінде ұстадық. Алайда біз әрқашан да бекем болып, дағдарыстың қандай соққысына да қарсы тұруға әзір болуымыз қажет», деген сөздерін келтірді.