Дағдарыстық жағдайдан шығу үшін барлық бағыттағы іс-шараларды шоғырландыру керек - Әлемдік саясат және экономика институты директорының орынбасары
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оны ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы Әлемдік саясат және экономика институты ұйымдастырды. Онда экономиканы әртараптандыру, индустриялдық-инновациялық даму, зейнетақы жинақтаушы жүйесі, білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы негізгі міндеттер, құқық қорғау жүйесін реформалау және қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қарастырылуда. Әлемдік саясат және экономика инстиуты директорының орынбасары Қарлығаш Жанғабаеваның айтуынша, дағдарыстық жағдайдан ешкім жекелеп шыға алмайды. Сондықтан экономиканы әртараптандыру, қаржылық нарықты дамыту, жұмыспен қамту сияқты барлық бағыттағы іс-шараларды шоғырландыру қажет.
Ақпанның 1-інде Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары, ал 23-інде 2010-2014 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық үдемелі даму бағдарламасы бекітілді. Әлемдік экономика орталығының ғылыми хатшы-жетекшісі Олег Рахматулиннің пайымдауынша, барлық бағдарламада әрдайым мақсатты көрсеткіштер болу керек. Мәселен, 2008 жылмен салыстырғанда 2014 жылы ЖІӨ 50 пайызға өсіп, еңбек өнімділігі металлургиялық өнеркәсіпте - 2 есе, химиялық өнеркәсіпте -3 есе, агроөнеркәсіптік кешенде - 2 есе ұлғаймақ. Ал инновациялық белсенді кәсіпорындар 10 пайызға артып, жалпы ішкі өнімдегі энергосыйымдылық 10 пайызға төмендетілмек. Сондай-ақ шикізаттық емес экспорттың үлесі 40 пайызға артуы тиіс. Қазір ол 5-10 пайыздың аралығында.
«Бекітілген бұл бағдарламалардағы жобаларды жүзеге асыруда негізгі бастамашы жергілікті атқарушы органдар болу керек. Олардың қызметін бағалауда жаңа өлшемдер енгізілуі тиіс. Индустриялық-иновациялық даму бағдарламасындағы 162 жобада инвестицяның жалпы көлемі 6,5 триллион теңгені құрайды. Бұл жалпы ішкі өнімнің 40 пайызы. Индустрияландыру картасы республикалық және жергілікті деңгейге бөлінген. Республикалық деңгейде 6 триллион теңгенің 167 жобасы, жергілікті деңгейде 123 миллиард теңгенің 150 жобасы мақұлданды. Оны бағалаудағы өлшем жаңа жұмыс орнын ашу», дейді Олег Хаматулин.