16:20, 04 Наурыз 2009 | GMT +5
Дағдарыстың үшінші толқыны кедей елдерге ауыр тиді
НЬЮ-ЙОРК. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат – Халықаралық валюта қоры әлемдік қаржы дағдарысының үшінші толқыны кедей елдерге ауыр тигенін мәлімдеді,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап. Қордың мәліметтеріне қарағанда, биылдың өзінде 22 мемлекетке 25 миллард доллар көлемінде шұғыл көмек қажет болады.Қор директоры Доминик Стросс-Кан неғұрлым дамыған және экономикасы өтпелі кезеңде тұрған елдерден кейін енді ең кедей елдер қаржы қиындықтарына тап болатынын айтты. Ол мұндай елдерде алдағы уақытта гуманитарлық дағдарыс орын болуы мүмкіндігіне қауіптенетінін білдірді.