Дағыстан тұрғындарының үйлеріне газ беру толығымен қалпына келтірілді
АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат - Дағыстан тұрғындарының үйлеріне газ беру толығымен қалпына келтірілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Сейсенбі күні кешке құбыр жарылыс салдарынан істен шыққан болатын. Төтенше жағдайға дейін бірнеше сағат бұрын бомбаға ұқсаған құрылғы анықталды, бірақ нысан орнына барған мамандар залалсыздандыруды таңереңге дейін қалдырды. Ал жарылғыш құрылғы оған дейін іске қосылды.
Бірнеше күн бойы 215 мың адам газсыз қалды. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.