Дағыстанда белгісіз біреулер мешіттің имамын атып кетті

АСТАНА. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Дағыстанның Хасавюрт ауданындағы Ақсай ауылында белгісіз біреулер 5 адамды ауыр жаралап кетті, олардың ішінде жергілікті мешіттің имамы да бар,

Дағыстанда    белгісіз  біреулер    мешіттің имамын  атып  кетті

деп хабарлайды «Вести» телеарнасы.

Оқиға жұма күні кешкі намаздан кейін, адамдар мешіттен шығып бара жаткен кезде орын алған. Дәл осы кезде мешіттің алдына бір автокөлік келіп тоқтап, оның ішінен автоматтан оқ жаудырылған. Шабуылдан кейін қарақшылар дереу іздерін жасырған.

Жараланғандар жедел ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Қазіргі таңда ауданда арнайы операция жарияланды. Қылмыскерлер іздестірілуде. Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеуде.