Дала қырандары: Жауырыны жерге тимеген сегіз балуан 4,5 млн теңгеден алды

Қазақ күресінен өткен «Дала қырандары» республикалық турнирінің жүлдегерлері белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform.  

қазақ күресі
Фото: Қазақ күресі қауымдастығы

Жарысқа еңсегей бойлы, қаптағай денелі, рухы өр, тәні бекем 64 балуан қатысты.

Олар 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 келі салмақта белдесті.

күрес
Фото: Қазақ күресі қауымдастығы

Турнир қорытындысы: 

55 келі - Еркебұлан Қалымбеков (Солтүстік Қазақстан облысы)
60 келі - Ержан Еренқайыпов (Астана қаласы)
66 келі - Әкежан Билалов (Жетісу облысы)
74 келі - Батырхан Қайырбек (Солтүстік Қазақстан облысы)
82 келі - Заңғар Марат (Қарағанды облысы)
90 келі - Еңбек Сақтағанов (Қызылорда облысы)
100 келі - Ерсұлтан Мұзаппаров (Шымкент қаласы)
+100 келі - Нұрдәулет Жарылғапов (Маңғыстау облысы).

Соңғы жаңалықтар