Дамаскінің орталығында қатарынан үш жарылыс болды

None
None
АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Дамаскінің орталығында 3 жарылыс болды. Лаңкестер қойған бомба сот ғимаратының маңында, Марджа алаңында іске қосылған.

Алдын ала жасалған болжамға сәйкес, жарылыстардың салдарынан 3 адам зардап шекті, деп хабарлады Утро. ру.

Сонымен қатар Дамаскінің шет аймағында орналасқан Джерман елді мекенінде  атыс болды. Бұл жерде Сирияның арнайы қызметі - әскери-ауа барлау басқармаларының бірі орналасқан. Қарулы қақтығыс болған аумақты әскерилер қоршауға алды.

Сондай-ақ ел астанасына таяу орналасқан Дум, Млих және Бейт-Сахмадақантөгіс қайта жанданды.

Соңғы жаңалықтар