«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-ы бөлген 800 миллион теңге игерілді
КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 11-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» акционерлік қоғамынан бөлінген 800 миллион теңгеге жуық қаржы игеріліп, 27 жоба іске асырылуда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған қаржының 600 миллион теңгесі 20 жобаны қайта қаржыландыруға арналды. Нақты айтқанда акционерлік қоғам бөлген қаржыдан бір несие алушыға 750 миллион теңге 7 жылға берілді. Оның пайыздық үстемақысы 12,5 пайызды құрайды. Жалпы несиенің 70 пайызы шағын және орта бизнесті қолдау мақсатымен қайта қаржыландыру ісіне бағытталса, 30 пайызы жаңа жобаларға қарастырылған.