«Даму» қоры «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысушылар үшін бірегей мүмкіндік ұсынады
Бұл туралы аталған Қордың баспасөз қызметінен хабарланды.
«Жаңа ақпараттық һәм коммуникациялық технологиялардың дамуына байланысты көптеген компаниялар үшін өздерінің жеке сайттарын ашу және Интернетте қажетті ақпараттар орналастыра білу аса маңызды қажеттілікке айналып келеді. Жеке өзіндік сайт - бизнес үшін жаңа жобаларды таныстыруға, клиенттермен қарқынды байланыс орнатуға, сондай-ақ әріптестік байланыстарды арттырып, тың ұсыныстарды жүзеге асыруға аса тиімді құрал. Осыған орай, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынып, ол бойынша «Бизнестік жол картасы-2020» бағдарламасына қатысушыларға тегін сайт-визиткалар мен Интернет-дүкендер құруға жәрдемдеспек», - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сайт-визитканы жасау үшін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысушылардан бірқатар ақпараттар талап етіледі және бұндай сайт үшінші деңгейдегі тегін доменде жасалатын болады.