«Даму» қоры мүгедектерге арнап семинар өткізді - Талдықорған

ТАЛДЫҚОРҒАН. 22 қаңтар. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысы бойынша «Даму» аймақтық қорының менеджерлері Талдықорғанда семинар өткізіп, мүгедектерге бизнес жүргізуді үйретті.
None
None

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Ринат Талтүсовтің хабарлауынша, екі күнге созылған семинарға кәіпкерлікпен айналысқысы келетін немесе бизнеспен айналысатын мүмкіндіктері шектеулі 44 адам қатысты. Семинар бағдарламасында бизнесті тіркеу, мүліктік қатынас, экономика және бизнес мәселелері сөз болды. Тыңдаушылар жаттықтырушылармен бірлесе отырып, нақты бизнес-идеяларды талқылады, салық есептеуді, декларация толтыруды үйренді.

Семинар мүгедектердің облыстық және қалалық қоғамдарының қолдауымен өткізілді.

Жаңа жылдың қарсаңында осындай семинар Жаркент қаласында өткізілген болатын.

Соңғы жаңалықтар