13:45, 09 Қыркүйек 2009 | GMT +5
«Даму» қорынан бөлінген қаражатты жеке мақсатта пайдаланған кәсіпкер қолға түсті
АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Ақмола облысында кәсіпкерлікті дамытуға бөлінген бюджет қаражатын талан-таражға салу фактілері орын алуда.
Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, «Даму» кіші кәсіпкерлікті дамыту қорынан өртке қарсы техниканы жинау және жөндеуге бөлінген 10 млн. 800 мың теңгені кассалық ордерлер арқылы алып, жеке мақсаттарға жұмсаған «Агротехсервис 2000» ЖШС-нің директорының ісі әшкереленіп, сотқа тапсырылды. Ал осы облыстағы «Ер-ка Кұрылыс» ЖШС директоры атқарылған жұмыстардың көлемін артық көрсету арқылы Зеренді ауданы Айдарлы ауылындағы мектеп құрылысына бөлінген 55,5 млн.теңгенің бюджет қаражатын ұрлағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылып отыр.