«Даму» қорында кадрлық ауыс-түйіс болды
Абдірахманов Амантай Асқарұлы 1983 жылы туған. «Даму» қорына тағайындалғанға дейін екінші деңгейлі банктер мен ИТ-компанияларда жұмыс істеген. Екінші деңгейлі банктерде бизнес үдерісті автоматтандыру бойынша тәжірибесі мол. Қазақстанда, РФ, Тәжікстан мен Әзербайжанда көптеген жобаларды жүзеге асырды.
«Даму» қорының баспасөз қызметінен хабарлағандай, А. Әбдірахманов Ақпараттық технологиялар департаменті мен кепілдендіру департаментін басқарады.
«Даму» қорының кадрлық комитетінің шешімімен филиалдардың жаңа басшылары тағайындалды. Әбішева Сәуле Қайырғалиқызы «Даму» қорының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры болып тағайындалды.
Бұған дейін Сәуле Қайырғалиқызы Астана қ. бойынша филиал директорының орынбасары болды. Филиал директорының орынбасары болғанға дейін субсидиялау және кепілдендіру бойынша бас менеджер болған. Банк жүйесінде қызмет еткен.
Асқаров Азамат Исмаилұлы Жамбыл облысы бойынша өңірлік филиал директоры болып тағайындалды.