Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«ДАМУ» Риддер моноқаласында кәсіпкерлікті дамытуға 100 млн теңге бөледі

ӨСКЕМЕН. ҚАЗАҚПАРАТ. - «Даму» қоры мен өңір әкімдігі Риддер моноқаласындағы шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне 100 млн. теңге бөлу туралы келісімге қол қойды деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА.

«ДАМУ» Риддер моноқаласында кәсіпкерлікті дамытуға  100 млн теңге бөледі

«Біз шағын және орта бизнес кәсіпкерлері үшін қаражат бөлу туралы моноқаламен бірінші рет кредиттік келісімге қол қойып отырмыз. Риддер әкімдігі мен «Даму» қоры екіжақты негізде бөлген 100 млн теңге шағын сома болғанына қарамастан, моноқалаларда жобалардың жеңілдікті қаржыландыруын қажет ететін ШОБ секторы белсенді дамып отырғандығын көрсетеді. Риддер үшін шағын кәсіпорындарды дамыту және олардың орнықты жағдайы - бұл қала бюджетіне қосымша салықтар түсіру, жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңа жұмыс орындарын құру», - деп атап өтті «Даму» қоры басқармасы төрағасының орынбасары Мирас Бейсембаев меморандумға қол қойғаннан кейін.

Бір кәсіпкер үшін қарыздың ең үлкен сомасы - 30 млн. теңгеге дейін. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі - 8,5 %. Кредит мерзімі - негізгі құралдарды сатып алуға және жаңғыртуға 84 айға дейін және айналым қаражатын толтыруға - 36 айға дейін. Осы бағдарлама шеңберінде қаржыландыру алған кәсіпкерлер «Даму-Блиц кредит беру технологиясын және/немесе кредит бойынша кепілдік мүлік болмаған кезде «Даму» қоры кепілдендірген құралын пайдалана алады.  Ақша екінші деңгейлі банктер арқылы бөлінетін болады. Бағдарлама Риддер кәсіпкерлері үшін салалық шектеулерге ие емес. Қор мен әкімдік бөлген 50% қаражат өңдеуші өнеркәсіпке жұмсалуы тиіс. Басым салалар арасында - ауыл, орман, балық шаруашылығы, тамақ және киім өнімдерін өндіру, тұрғын емес ғимараттар құрылысы, тұру және тамақтану бойынша қызметтер және өзге де қызметтер.