Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Дамушы нарық елдері 2010 жылы көш бастайды - «Fitch» агенттігінің сарапшылары

АСТАНА. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат - «Fitch» халықаралық рейтингілік агенттігінің сарапшылары, 2010 жылы Ресей, Украина, Қазақстан және Түркия сияқты дамушы нарық елдері көш бастайды деп санайды.

Дамушы  нарық   елдері   2010 жылы көш бастайды - «Fitch» агенттігінің сарапшылары

«Fitch» сарапшылары Ресей үшін бұрынғыдан оң болжам жасап отыр: ресейлік экономика ағымдағы жылы 4,5 пайыз қосуы мүмкін. Ресми ресейлік болжам жалпы ішкі өнімнің 3,3 пайызға өсетінін болжаса, Халықаралық валюта қорының соңғы болжамы 3,7 пайызды шамалап отыр.

Агенттік сарапшыларының болжамынша, көшбасшылардың қатарында дамушы нарықтың өзге де елдері, оның ішінде Украина, Қазақстан және Түркия елдері бар.

Оған қоса халықаралық сарапшылар, дамушы нарықтардағы 100-ден астам ірі компаниялардың өз инвестицияларын 14 пайызға өсіретінін болжап отыр. Тек жылжымайтын мүлікпен байланысты секторларда ғана салымдар қысқаруы ықтимал, дейді олар.