Дамыған 30 елдің қатарына кіруде кәсіби кадрларды даярлау маңызды қадам болмақ - Н. Нұркенов (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда жұмысшы жастардың «Тегін кәсіби-техникалық білім - жарқын болашақтың кепілі» атты слеті өтті.

 Дамыған 30 елдің қатарына кіруде кәсіби кадрларды даярлау маңызды қадам болмақ - Н. Нұркенов (ФОТО)

Шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов, жұмысшы жастар, кәсіби-техникалық білім беру мекемелерінің шәкірттері мен оқушылары қатысты.

«Биылғы слет Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Елбасы кәсіби-техникалық білім беру жүйесін жетілдіруге ерекше назар аударып келеді. Жаһандық дағдарысты еңсеру жолында 2017 жылдан бастап елімізде кәсіби-техникалық білім тегін жүзеге асырылатын болады. Ал әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруде кәсіби кадрларды даярлау маңызды қадам болмақ. Қазіргі кезде облысымызда 6 мыңнан астам адам мемлекеттік тапсырыс бойынша тегін кәсіби білім алуда», деді Нұрлан Нұркенов.

Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрайымы Жанар Жүнісова, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы төрағасының орынбасары Елена Машинская, Еңбек Даңқы орденінің иегері, еңбек ардагері Виктор Павленко да құттықтау сөз сөйлеп, келешек жұмысшы жастардың қолында екенін ерекше атап өтті.

Шара барысында республикалық, халықаралық байқауларда топ жарған студенттердің есімдері де аталып, әспеттелді.

Сондай-ақ, «Шеберлер қаласы» атты көрме ұйымдастырылып, жұмысшы жастардың шығармашылық әлеуеті сараланды.

Қатысушылар облыс жастарына үндеу жолдады.

2
3
4
5
6
7
8
9
10