Даниал Ахметов: «Астана - жер жүзінің мәселелері шешілетін әлемдік орталық»
«Астана - біздің заманымыздың ұлы данасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың игі бастамаларының жүзеге асырылуының айқын көрінісі. Астана - Қазақстанның саяси, ғылыми және рухани-мәдени орталығы ғана емес, бұл жер жүзінің мәселелері шешілетін әлемдік орталық. Бұған Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы дәлел.
Қазақстандықтар жыл сайын Астана Отанымыздың жүрегі, әлемдік аренада мемлекетіміздің дамуының негізгі көрсеткіші екеніне көз жеткізіп келеді. Алдымыздағы жылы «EXPO-2017» Халықаралық көрмесінің өткізілуі кезінде бүкіл әлем назары біздің әсем астанамызда болмақ.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, «Астана - жаңашылдық жаршысы, Қазақстанның динамикалы дамуының жарқын бейнесі, республикамыздың Тәуелсіздік символы», - делінген Даниал Ахметовтің құттықтауында.