Даниал Аxметов Шемонаиxа ауданындағы жаңа мектепті пайдалануға беру мерзімін жариялады

"Негізі, мектептің өзі дайын тұр. Өкінішке қарай, парталар және басқа да құрал-жабдықтар 31 тамыздан кейін бірақ келді. Қыркүйекте біз құжат рәсімдеу жұмыстарын аяқтаймыз. Шыны керек, үлгермей қалдық. 1 қазан күні балалардың барлығы жаңа мектепке кіретін болады", - деді Аxметов Үкіметтің бүгінгі отырысы барысында. Жаңа мектеп Шемонаиxа ауданының Жоғарғы Үлбі кентінде салынды. Аталған нысан 300 орынға есептелген.
Айта кетейік, ағымдағы жылы республика бойынша 109 мектептің құрылысына Ұлттық қордан 71,7 млрд. теңге бөлінген болатын. Соның 45,2 млрд-ы жаңа 56 мектептің құрылысын бастауға бөлінсе, қалған 26,5 млрд. теңгесі бұрын басталған 53 мектептің құрылысына құйылды. Алайда бюджет қаражаты уақытында игерілмеуінен бірқатар нысандар келесі жылға қалып отыр. https://kaz.inform.kz/news/sagadiev-mektep-tenderimen-kop-oynagan-aymaktardy-atady_a3061643