Данияр Әбдібеков Жамбыл облыстық құрылыс басқармасына басшы болды

None
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы әкімінің өкімімен өңірлік құрылыс басқармасының басшысы болып Әбдібеков Данияр Темірбекұлы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Данияр Темірбекұлы 1969 жылы туған. Қырғыз мемлекеттік құрылыс, көлік және сәулет университетін «құрылыс», Орталық-Азия университетін «құқықтану», ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы аудандық жеміс-көкөніс базасында жұмысшы болып бастаған. Әр жылдары Алматы облыстық жылжымайтын мүлікті тіркеу және бағалау басқармасы Қаскелен аудандық агенттігінің маманы, Қарасай аудандық сәулет және құрылыс комитетінің инженері болып еңбек еткен. Сонымен бірге, Алматы облысының жылжымайтын мүлік орталығының Қарасай аудандық филиалы бастығының орынбасары, басқарушысы, сондай-ақ, Алматы облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2015 жылғы қарашадан бастап Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы лауазымында еңбек еткен.


Соңғы жаңалықтар