Данияр Елеусіновтің жекпе-жегінде Фируза Шәріпова комментатор болады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Данияр Елеусіновтің жекпе-жегінде Фируза Шәріпова «Хабар» арнасының тікелей эфирінде комментатор болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Данияр Елеусіновтің жекпе-жегінде Фируза Шәріпова  комментатор болады

Екі салмақ дәрежесі бойынша бірнеше чемпиондық белбеудің  иегері Қазақстандық кәсіпқой боксшы  Фируза Шәріпова өз отандасы Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы  бесінші жекпе-жегі туралы тікелей эфирден ақпарат тарататын болады.

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов өзінің бесінші жекпе-жегінде тәжірибелі боксшы лақап аты «Бомбардир»  Никарагуа Маркос Мохикамен кездеседі. Оның қоржынында 16 жеңіс бар, оның ішінде 12 қарсыласын нокаутпен жеңген.

Бокс кеші «Хабар» арнасы ертең сағат 01:00 кезінде тікелей эфирден көрсетеді. Елеусіновтың бұған дейінгі төрт жекпе-жегі де алты раундтан болған.

Айта кетейік, жақында Фируза Шарипова жыл адамы деп танылып, «Алтын адам» мүсінін алған. Оның келесі жекпе-жегі WBC нұсқасы  бойынша әлем чемпионы финляндиялық  Ева Вальстремге қарсы өтеді.