Данияр Молдахметов Талдықорған қалалық сотының судьясы болып тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM — Жетісу облыстық сотында өткен пленарлық отырыста облыстық соттың төрағасы Ержан Кененбаев судьялар қауымына Талдықорған қалалық сотының жаңадан тағайындалған судьясы Данияр Молдахметовті таныстырды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 29 шілдедегі №1382 Жарлығына сәйкес Данияр Саматұлы Молдахметов Жетісу облысы Талдықорған қалалық сотының судьясы лауазымына тағайындалды.
Облыстық сот төрағасы Данияр Молдахметовті жаңа қызметімен және судья антын қабылдауымен құттықтап, оған әділ сот төрелігін жүзеге асыру жолында табыс, кәсіби жетістіктер мен жемісті еңбек тіледі.
Данияр Саматұлы Молдахметов 1994 жылғы 8 қазанда Талдықорған қаласында дүниеге келген. Ол Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тәмамдап, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Әділет академиясында білім алған.
Еңбек жолын 2016 жылы Талдықорған қалалық соты кеңсесінің жетекші маманы қызметінен бастаған. 2017–2026 жылдар аралығында Талдықорған қаласының соттарында бас маман – сот отырысының хатшысы болып жұмыс істеді. Жалпы еңбек өтілі 9 жыл 11 айдан асады.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте екі сотқа жаңа судьялар тағайындалды.